Индустриялық парк аумағында 5 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

9 Маусым 2022, 17:19
1913
Бөлісу:
Индустриялық парк аумағында 5 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінге дейін «Астана – жаңа қала» АЭА индустриялық паркі аумағында 50-ден астам жоба жүзеге асырылды.  ИИДМ Индустриялық даму комитетінің мамандары елорданың арнайы экономикалық аймағына барып, ондағы ірі кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

Бұл туралы  ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Индустриялық парк аумағында 5 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

 Экономикалық аймақта сәтті жүзеге асырылған жобаның бірі – «Қазақстан ASELSAN Инжиниринг» ЖШС зауыты. Қазіргі таңда кәсіпорын 70-ке жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында зауыт 50,3 млрд теңгенің өнімін өндірген.

Кәсіпорын еліміздің күштік құрылымдарына қажетті құрал-жабдықтар шығарады. Олардың қатарында түнде көру қабілетін арттыратын аспаптар, оптикалық жабдықтар, қару-жарақ жүйелері, антидрон, байланыс құралдары, барлау жүргізуге арналған лазерлік және жылуға ден қоюшы аспаптар бар.

Индустриялық парк аумағында 5 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Сондай-ақ индустриялық паркте жарықдиодты шамдарды өндіру және құрастырумен айналысатын «LED Solution» зауыты табысты жұмыс істеуде. Кәсіпорын кәсіби жарықтандыру саласында тұтынушыға кешенді әрі тиімді шешімдерді ұсынып, 10 жылдық кепілдемесі бар жоғары сапалы құрылғылар шығарады.

Бір аймақта өндірістік жұмыстардың барлық сатыларының жүргізілуі –өнімдерді шығару кезіндегі барлық процесті бақылауға және әрбір модельге қажетті өзгерістерді жылдам енгізуге мүмкіндік береді.

Индустриялық парк аумағында 5 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Жалпы алғанда, «Астана – жаңа қала» АЭА-ның іске қосылуы – елорданың дамуына елеулі үлес қосты. Экономикалық аймақ құрылғалы бері 20 жылға жуық уақыт өтті. Осы мерзім аралығында «Talgo» жолаушылар вагондарын шығару зауыты, «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауыты, «Astana Ютария ltd» тігін фабрикасы, «GLB» ЖШС үй құрылысы комбинаты, «Modex Astana» ЖШС көлемді-блокты үй құрылысы зауыты сынды ауқымды жобалар сәтті іске асты.

Өзгелердің жаңалығы