Ұлытау облысының әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысылары таныстырылды

28 Маусым 2022, 16:59
2177
Бөлісу:
Ұлытау облысының әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысылары таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлытау облысы әкімдігінде кадрлық тағайындаулар басталды.

Бүгін облыс әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, басқарма басшыларының міндетін атқарушылар таныстырылды.

Бұған дейін де айтқанымыздай біздегі басқармалар саны шағын құрамда болады. Бас-аяғы 18 басқарма құрылып, 251 штат саны бекітілді. Кейбір басқармалар біріктірілді. Енді бірі жеке өз алдына басқарма болып бекітілді, - деді облыс басшысы.

Сонымен, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болып Аман Сайлаубекұлы Барикенов тағайындалды. Ол қаржы, экономика мәселелерін үйлестіретін болады. Облыс әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, сәулет, энергетика, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары мәселелері жөніндегі орынбасары болып Ұлантай Төлеутайұлы Үсенов тағайындалды.

Келесі басқармалар басшыларының міндетін атқарушылар тағайындалды:

Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасы – М. Мырзабекова.

Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы – С. Балмағанбетов;

Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту, мұрағат ісі басқармасы – Ә. Омар;

Ұлытау облысының білім басқармасы – С. Төлекова ;
Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы – Л. Ранова

Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы – З. Ақылбекова;

Ұлытау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы – Ж. Бегаев;

Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы – Ғ. Төлеуов;

Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы – Қ. Имантүспов;

Ұлытау облысының экономика басқармасы – Е. Мырзабеков;

Ұлытау облысының қаржы басқармасы – В. Ставицкая;

Ұлытау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы – А. Әйтенов;

Ұлытау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы – А. Жандарбеков;

Ұлытау облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы – К. Смағұлов;

Ұлытау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы – Т. Әлменов;

Ұлытау облысының ветеринария басқармасы – Ә. Әбдікер.

Өзгелердің жаңалығы