Әкім қаңтар оқиғасынан қандай сабақ алғанын айтты

28 Маусым 2022, 16:51
1305
Бөлісу:
Әкім қаңтар оқиғасынан қандай сабақ алғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов мәлімдеді. 

Жаңа Қазақстанға небәрі бес ай. Осындай қысқа мерзімде көптеген оқиғалар болды. Шынымен, қаңтардағы оқиғалар жаңа шындықтың бастауы болды.   Сондай-ақ осы оқиғадан алынған екі негізгі сабақпен бүгін сіздермен бөліскім келеді. Біріншісі, ата-бабаларымыз айтқандай, «бөлінген бүлінеді». Қаңтардағы оқиғалар баршамызды дана халқымыздың бұрынғы құндылықтары – бірлікке және бірлесіп шешім қабылдауға бағыттады. Кең талқылау мен көпшіліктің дауысы өте маңызды екеніне көзіміз жетті, - деп атап өтті өңір басшысы. 

Сондықтан ескі жоспарларды артқа тастап, жаңа бағдарламаға ұсыныстар қабылдай бастаған. 

Облыстың барлық тұрғындары осыған белсене қатысты. Ақсақалдар, жастар, қоғамшылдар, митингке қатысушылар және басқа да азаматтар өз пікірлерін білдіріп, біз олардың ұсыныстарына барынша ашық болуға тырыстық. Осылайша, тек бір аптаның өзінде біз 2,5 мыңға жуық өтініш алдық. Олардың 60%-ға жуығы жұмыспен қамту және жастар мәселелеріне қатысты болды. Келіп түскен ұсыныстарды мұқият талдап, 150-ге жуық адам жиналған екі стратегиялық сессия өткіздік. Оған әр түрлі жастағы адамдар, қалалар мен ауылдардан келген азаматтар белсене қатысты, - деді Әбілқайыр Сқақов.

Өзгелердің жаңалығы