Француз трансұлттық корпорациясы Қазақстанда сорғы жабдықтарының өндірісін бастады

28 Маусым 2022, 15:20
1265
Бөлісу:
Француз трансұлттық корпорациясы Қазақстанда сорғы жабдықтарының өндірісін бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесу барысында Францияның PCM компаниясының сорғы жабдықтарын шығаратын зауыты іске қосылады,-деп хабарлайды «KAZAKH INVEST» баспасөз қызметі.

Сондай-ақ инвестордың Қазақстандағы қызметін кеңейту бойынша алдағы жоспарлары «S.A.S. PCM EUROPE» бас директорының орынбасары Фредерик Гарде және «KAZAKH INVEST» ҰК АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесуде талқыланды.  

1932 жылы француз Рене Муано негізін қалаған PCM компаниясы мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібі және тамақ өнеркәсібінде қолданылатын жоғары сапалы сорғыларды шығаруға маманданған. Компания әлемнің 30-дан астам елінде жұмыс істейді.

Қазақстан сорғы жабдықтарының қарқынды дамып келе жатқан нарығы бар Еуразияның стратегиялық маңызды аймағында орналасқан және компания өнімдерінің үздік 5 нарығына кіреді. Бұған дейін сервистік қызмет көрсетуге маманданған болсақ, ендігі басты мақсатымыз – өндірісті оқшаулау үлесін арттырып, көршілес елдерге экспорттау мүмкіндігін арттыру. Біздің компания Канада, Австралия, Қытай және басқа елдерде өнім шығарады. Қазақстанда үлкен нарықтан бөлек, бізді мемлекеттік инвестициялық стратегиясы, сондай-ақ саяси және экономикалық тұрақтылық қызықтырды, - деді Фредерик Гарде.

Сонымен қатар француздық тарапқа Еуропа және ТМД елдері бойынша директорі «S.A.S. PCM EUROPE» Бастиен Лимож және «PCM Kazakhstan» ЖШС бас директоры Берік Жансат.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Франция еліміздегі 10 негізгі инвестордың қатарына енді. Франциядан Қазақстанға жалпы ТШИ ағыны өткен жылы $603,1 млн құрады.2005 жылдан бері жалпы ТШИ ағыны $17 453,5 млн құрады немесе жалпы Қазақстан бойынша жалпы ТШИ ағынының 4,9%-ын құрады. Француз компаниялары қарқынды дамып келе жатқан машина жасау саласына өз үлесін қосып жатқанын атап өту қуантады, - деді Мейіржан Юсупов.

Жаңа PCM зауытының іске қосылуы 2022 жылдың 29 маусымында Ақтау қаласында өтеді. Кәсіпорын су асты түрлендіргіш қозғалтқышы бар штангасыз бұрандалы сорғылар, көпфазалы сорғылар, өнеркәсіптің басқа салаларына және тамақ өнеркәсібіне арналған сорғылар (мөлшерлеуші, перистальтикалық, көлденең шламды сорғылар және т.б.) шығарады. Бүгінгі таңда инвестицияның жалпы сомасы 5 миллион еуродан асты.

KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы француз компаниясының Қазақстандағы өндірісін локализациялау бойынша кешенді жұмыс жүргізді. Соның ішінде үй-жайларды таңдауға, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға, рұқсат алу және ақпараттық қолдау көрсетуге жәрдемдесу.

Айта кету керек, компанияның Қазақстанға сапары Қазақстанның Франциядағы елшілігінің көмегімен ұйымдастырылды.

Өзгелердің жаңалығы