Елордада журналистерге арналған медиа-тренинг өтеді

27 Маусым 2022, 20:33
1114
Бөлісу:
Елордада журналистерге арналған медиа-тренинг өтеді

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 маусымда БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Мемлекеттік тілді дамыту қорының ұйымдастыруымен журналистерге арналған «Көркем SOYLE» атты медиа-тренингі өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шарада БАҚ өкілдері, радио, теледидар, ақпарат агенттіктерінің журналистері қатысады.

 

Тренингтің мақсаты – БАҚ-та мемлекеттік тілді қолдану сауаттылығын арттыру, тіл мәдениетін жетілдіру, тілді қолдану деңгейін көтеру және жас журналистердің кәсіби біліктілігін арттыруға қолдау көрсету.

Мастеркласс келесі тақырыптар бойынша өтеді: «Қазіргі қазақ телевизиясында және радиожурналистикада мемлекеттік тілді қолдану мәселелері», «Қазақ тілі – қоғаммен байланыс құралы ретінде», «Эфирдегі харизма. Эфир этикасы. Шешендік өнер», «PR технологиялардағы қазақ тілін қолдану ерекшеліктері».

Әр тақырып бойынша тренерлер және белгілі тіл мамандары мен блогерлер дәріс оқиды.Тренинг соңында әр қатысушыға арнайы сертификаттар табысталады.

Өткізу орны: Нұр-Cұлтан қ., Ә.Бөкейхан көш., 1 А., «Назарбаев орталығы-2», Конференц-зал, 3-қабат, 3001-бөлме.

Өтетін уақыты: 10.00 – 13.00.

Өзгелердің жаңалығы