Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте көліктің газ балоны жарылып, алты жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Оқиға Қаратау ауданы, Нұрсат 2 шағын акданындағы №16 тұрғын үйдің алдында болған. «Kia Rio» маркалы автокөліктің артқы багажында көлемі 350 мл кішкентай газ балон жарылған. Салдарынан 6 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Олардың 4-і балалар.
Жолаушыларға алғашқы көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылды. Өрт болған жоқ. Алдын ала болжам бойынша күн сәулесінен автокөліктің багажы қызып кеткен болуы мүмкін, - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.
Оқиға орнына ТЖД-нің 15 қызметкері мен 3 дана техника жұмылдырылды.
Оқи отырыңыз: