Баланың тәрбиесі тілден басталады. Вице-министр не себепті Nickelodeоn және TiJi арналары таңдалғанын түсіндірді

18 Мамыр 2022, 13:29
1202
Бөлісу:
Баланың тәрбиесі тілден басталады. Вице-министр не себепті Nickelodeоn және TiJi арналары таңдалғанын түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр  Қадыров балаларға арналып неліктен Nickelodeоn және TiJi арналары таңдалып отығанын түсіндірді.

Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басышысы биылғы жылды «Балалар жылы» жариялады. Келешек ұрпақтың үлесімді дамуына әрбіріміз жауаптымыз. Жалпы, баланың тәрбиесі негізінен тілден басталады. Қазіргі таңда Ақпарат және қоғамдық келісім министрілігі балалар жылына орай былтырдан бері Nickelodeоn және TiJi арналарын келіссөздер өткізген болатын. Енді осы жылы ол жобаны бастап өзіміздің кабельдік телеарналарымызда қазақ тілінде көрсетуді бастап кеттік. Мультфильмдер AlmaTV сонымен бірге TV Commerce, «Қазақтелеком» арналарында көрсетіліп жатыр, - деді вице министр. 

Сондай-ақ вице-министр  Nickelodeоn және TiJi арналарынің бәсекеге қабілетті арналар екенін  айтты.

Қазақ тіліндегі мультипликацияны көрсететін бәсекелестікті дамыту үшін алынып отыр.  Қазіргі таңда әлеуметтік зерттеулер барысында қазақ тіліндегі көрсететін контенттерде Балапан алдыңғы орында одан кейін Nickelodeоn және TiJi және Cartoon Network  арналары кірген болатын. Бұл жерде Nickelodeоn мен TiJi әлемдік деңгейде бәсекеге бейім екенін айта кеткен жөн. Мәселен, Nickelodeоn 180 елде таратылып отыр ал TiJi 20 елде тарап отыр. Осы себепке байланысты жұмысты бастап кеттік, - деп атап өтті Қадыров орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында. 

Өзгелердің жаңалығы