Иманғали Тасмағамбетовті Ресейге жұмысқа шақырды

15 Наурыз 2021, 17:03
20794
Бөлісу:
Иманғали Тасмағамбетовті Ресейге жұмысқа шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы Төтенше және өкілетті елшісі болған саясаткер Иманғали Тасмағамбетов «КАМАЗ» ЖАҚ директорлар кеңесі мен ревизиялық комиссиясының құрамына кіруі мүмкін.  

Ресейлік компанияның акционерлері бұл мәселені 4 маусымда өтетін жылдық жалпы жиналыстың күн тәртібіне енгізуді ұсынды.

Бірінші рет директорлар кеңесі сайлауға екі үміткерді ұсынды: КамАЗ қызметкерлерінің біріккен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Кирилл Пузырков және Иманғали Тасмағамбетов. Кирилл Пузырков - 2020 жылдың 6 қазанында кенеттен қайтыс болған «КАМАЗ» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі Александр Васильевтің ізбасары. Иманғали Тасмағамбетов 2019 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды, - делінген компанияның ресми сайтындағы хабарламада.
«КАМАЗ» ЖАҚ - ресейлік компания, дизельді жүк көліктері мен дизельді қозғалтқыштарды өндіреді. Сонымен қатар автобустар, тракторлар, комбайндар, электр қондырғылары, жылу шағын электр стансалары мен компоненттер шығарады. Негізгі өндіріс Набережные Челны қаласында орналасқан.

Иманғали Тасмағамбетов 1956 жылы дүниеге келген. Еліміздегі ең жоғарғы саяси қызметтерді атқарды. Қазақстан Үкіметін басқарды. Алматы мен Астана қалалары және Атырау облысының әкімі болды. Президент Әкімшілігіне жетекшілік етті. Қорғаныс министрлігінің де тізгінін ұстаған. Соңғы қызметі - Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі. Ол бұл қызметтен 2019 жылдың 18 желтоқсанында кетіп, зейнетке шықты.

Өзгелердің жаңалығы