Илон Маск миды чиптеудің артықшылықтары туралы айтып берді

4 Тамыз 2020, 13:16
2101
Бөлісу:
Илон Маск миды чиптеудің артықшылықтары туралы айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемге әйгілі америкалық бизнесменнің Neuralink компаниясы жуық арада адам миына чип енгізу жобасын жүзеге асырмақ деп жазды korrespondent.net.

Илон Маск миды чиптеу адамзатқа жасанды интеллектімен бәсекелесуге мүмкіндік береді деген пікірде. Жаңа технологияның басты артықшылығы - чип ағзадағы гормондардың мөлшерін бақылай алатындығында. Осылайша, ол орталық жүйке жүйе ауруларын емдеуде де қолданылатын болады. 

Чип арнайы микро-робот арқылы кіріктірілмек, ал арнайы жіптер мидағы ақпаратты оқуға көмектеседі. 

Сондай-ақ, бизнесмен миды чиптеудің тағы бір артықшылығы - адамның дауыс диапазонын есту мүмкіндігі жоғарылайтындығын, өз кезегінде естіген маңызды ақпарат бірден миға әсер беретіндігін атап өтті. Технологияның толық мүмкіндіктері осы жылдың 28 тамызында өтетін тұсаукесерде таныстырылмақ. 

 Бұл жоба 2016 жылы қолға алынып, төрт жыл бойы барлық технологиялық процесс сарапталғандығын атап өткен жөн. Сол жылы Илон Маск жасанды интеллект адамзат баласына үлкен қауіп төндіріп тұрғанын, оның қарқынды дамуы адамның деградацияға ұшырауына әкеліп соғатынын айтқан болатын.
Өзгелердің жаңалығы