ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Алматы облысындағы қамыстың жануы туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазір өрт сөндірушілердің күшімен "Іле-Балқаш" резерватындағы өрттің аумағын 120 га дейін азайтуға қол жеткізілді. Өртті сөндіруге 34 қызметкер, 3 техника, 1 жүзу құралы мен дрон жұмылдырылған. 26 маусымда қосымша 13 адам, 2 техника және 2 мотопомпасы бар 1 жүзу құралы жіберілді. Сондай-ақ "Іле-Балқаш" РММ 25 адамы және 10 техникасы, орман шаруашылығының 8 адамы және 4 техникасы жұмылдырылды, - делінген ведомство мәліметінде.
Еске салсақ, кеше Іле-Балқаш резерватының аумағында 150 га алаң жанып жатқаны хабарланды.
Оқи отырыңыз: