Іле-Балқаш резерватындағы өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасуда

8 Шілде 2023, 11:15
812
Бөлісу:
Іле-Балқаш резерватындағы өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасуда
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Іле-Балқаш резерватындағы өртті сөндіруге 22 адам, 8 техника жұмылдырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 6 шілдеде сағат 21:00-де Алматы облысының ТЖД Қараой ауылынан 30 шақырым жердегі Қараой ауылдық округінде "Іле-Балқаш "МТР" РММ аумағында қол жетімділігі қиын, батпақты, жолсыз жерде қамыстың жануы орын алғаны туралы хабарлама түсті.

Резерват басшылығының ақпараты бойынша өрт аумағы анықталады. "Іле-Балқаш "МТР" РММ және Алматы облысы ТЖД 22 адам мен 8 техника күшімен өрт ошақтарын жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Елді мекендерге қауіп жоқ, - делінген ТЖМ таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, 6 шілдеде Қараой ауылынан 30 шақырым жерде басталған қамыс өртін сөндіруге 16 адам, 8 техника, 2 мотопомпа, 1 жүзу құралы және 1 ҰҰА жұмылдырылғаны хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы