Мемлекет басшысы «Ikomek109» орталығының жұмысымен танысты

17 Мамыр 2019, 18:33
1662
Бөлісу:
Мемлекет басшысы «Ikomek109» орталығының жұмысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев астанадағы «Ikomek109» мониторинг және шұғыл әрекет ету орталығына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Орталық тәулік бойы қаланың қауіпсіздігін бақылайды, коммуналдық кәсіпорындардың барлық Call-орталықтарын біріктіреді және тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын өңдеуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Президентіне басқару панелінің мүмкіндігі көрсетілді. Мұнда 6 мыңнан астам камера қосылған, олар төтенше жағдайларға, оқыс оқиғаларға шұғыл әрекет етіп, оларды жоюға, сондай-ақ, қаланың тыныс-тіршілігіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдардың қызметінің негізгі тұтынушысы ретінде халықпен тиімді кері байланыс және коммуникация орнатуы үшін заманауи цифрлық технологияны қолданудың маңызды екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы бұл тәжірибені өңірлерге тарату қажеттігін айтты.

Өзгелердің жаңалығы