ІІМ есірткі тарататын жастарға жазаны жеңілдетуді сұрады

11 Желтоқсан 2023, 11:02
575
Бөлісу:
ІІМ есірткі тарататын жастарға жазаны жеңілдетуді сұрады
Фото: - архив

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Мәжілісте есірткі жасырушыларды жауапкершіліктен босату мүмкіндігі қарастырылып отырғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр қоғамда есірткі жасырушыларға, яғни «закладчиктерге» жазаның тым қатаң екені туралы мәселе көтеріліп жатқанын атап өтті

Бұл жастар мен жасөспірімдерді осы салаға белсенді тартумен байланысты. Шынымен есірткі өткізушілердің портреті бүгінгі күні өзгерді. Олар үшін интернетті белсенді пайдалану үйреншікті жағдай. Есірткі таратушылардың қатарына жастар жеңіл ақша табуды көздеп, төмен құқықтық сауаттылық, мәдени және әлеуметтік жауапкершілігінің төмендігі салдарынан түседі, - деп айтты Саденов Мәжілісте.

Министрдің берген дерегінге, бүгінгі таңда кәмелетке толмаған 6 бала сотталған, тағы 26 жасөспірім жауапкершілікке тартылған.

Мұнда да біз келесі түзетулерді әзірледік. Атап айтқанда, егер қылмыс бірінші рет жасалса, сондай-ақ кінәлі тергеу органдарымен белсенді жұмыс істесе, есірткі өткізушілерді жауапкершіліктен босату мүмкіндігі қарастырылады. Мүмкіндікті пайдалана отырып, қолданыстағы заң жобасы аясында осы ұсынысты қарастыруды сұраймын, - деп айтты Ержан Саденов.

Өзгелердің жаңалығы