ІІМ: Елімізде бір апта 2500-ден астам қылмыс жасалған

31 Қазан 2022, 11:12
687
Бөлісу:
ІІМ: Елімізде бір апта 2500-ден астам қылмыс жасалған

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бір апта ішінде 2655 қылмыс жасалды, оның 1655-і тәулік ішінде ашылды, - деп атап өтті ел аумағындағы криминогендік жағдайға тоқталған ведомство өкілі. 

Айтуынша, жеті күн ішінде жасалған қылмыстың 15-ке жуығы «ізін суытпай» ашылған. 

Полиция қызметкерлері шұғыл түрде 14 кісі өлтіруді, 2 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 26 тонау және 377 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Шұғыла Тұрлыбек. 

Сондай-ақ ол Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың Қосшы қаласы полиция бөлімінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі және жарақтандырылуын тексергенін алға тартты. 

Полиция бөлімі өткен айда жаңа ғимаратқа көшті. Үш қабатты нысанда полицейлердің тиімді жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған. Ведомство басшысы кезекші бөлімнің және шағын ЖБО жұмысымен танысты. Қосшыда 128 бейнекамера жұмыс істейді, сондай-ақ «автоуроган» жүйесінің 4 камерасы орнатылған. Сонымен қатар, қаладағы екі қиылыс «Сергек» камераларымен жабдықталған, олар пилоттық режимде жұмыс істейді. Мұнда «Қорғау» жүйесін іске қосу жоспарлануда. Оның арқасында полиция қызметкерлері планшеттерге келіп түскен мәліметтер арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды анықтап, дереу шара қолдана алады, - деді ІІМ өкілі. 

Өзгелердің жаңалығы