ІІМ-де бірқатар тағайындау болды

ІІМ-де бірқатар тағайындау болды
1061

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ басшылығы орталық аппарат және облыстық полиция буыны қызметтерінің басшы лауазымдарына кандидаттарды зерделеді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ұсынылған кандидаттардың әрқайсысы бөлек қаралды. Бұл – Iшкі істер министрлігінің кадрлық тағайындауының жаңа форматы. 

Министр Марат Ахметжанов және оның орынбасарлары, сондай-ақ мүдделі қызмет басшылары кандидаттардың кәсібилігі мен жеке қасиеттерін талқылады. 

Министр үміткерлердің әрқайсысымен жеке әңгімелесу барысында оларға қойылатын талаптар мен ведомство қызметтері мен оның бөлімшелері басшыларының міндеттерін пысықтап өтті. 

Кандидатураларды қарау және әңгімелесу нәтижелері бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен: 

– ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы лауазымына Айдос Рысбаев; 

– ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы лауазымына Хаджи-Ғали Имажанов;

– ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары лауазымына Шыңғыс Алекешев; 

– ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары лауазымына Дамир Тайжанов; 

– Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Рүстем Тұңғышбаев тағайындалды.


Фото: дереккөз