ІІМ: Бір аптада 2500-ден астам қылмыс жасалды

16 Қаңтар 2023, 11:22
957
Бөлісу:
ІІМ: Бір аптада 2500-ден астам қылмыс жасалды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бір апта ішінде 2514 қылмыс жасалды, оның 1570-і тәулік ішінде ашылды, - деп атап өтті елдегі криминогендік жағдайға тоқталған ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек. 

Айтуынша, бірқатар қылмыстың ізі суымай ашылған. 

Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 5 кісі өлтіруді, 2 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 23 тонау және 351 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді Шұғыла Тұрлыбек. 

Сонымен қатар ведомство өкілі ІІМ-де алқаның кеңейтілген отырысы өткеніне тоқталды. Онда ішкі істер органдарының бір жылдағы жұмысының қорытындылары шығарылды, алдағы басым міндеттер белгіленді, жетістіктер атап өтілді, олқылықтар мен кемшіліктер талданған.

Әріптестер алдында сөз сөйлеген Министрдің бірінші орынбасары Марат Қожаев кадр мәселелеріне тоқталды. Ол бюрократизация, процестерді оңтайландыру, жалақыны ұлғайту және басқа да қабылданған шаралардың арқасында полицияда қызмет еткісі келетіндердің саны 42%-ға, ал қызметте қалпына келтірілгендердің саны 75%-ға жеткенін атап өтті. Министрдің орынбасары Ержан Сәденов жедел-іздестіру қызметі туралы хабардар етті. Ол кісі өлтіру, ұрлық, тонау сияқты қылмыстардың жекелеген түрлеріне тоқталды, сонымен қатар киберқылмысқа қарсы тұруға назар аударды. Мәселен, өткен жылы елімізде 22 мың байланыс алаяқтық фактісі және 20 мың интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Осыған байланысты Саденов әріптестерін осы бағыттағы профилактикалық жұмысты күшейтуге шақырды, - деді ол. 

Белгілі болғандай, былтыр істердің 91%-ы электрондық форматта тергелген. Тергеу мерзімдерін бұзу және қылмыстық процестерге қатысушылардың құқықтарын бұзу азайды. 

Өзгелердің жаңалығы