ІІМ Алматыдағы арнайы операция қиындай түскенін айтты

6 Қаңтар 2022, 14:45
1230
Бөлісу:
ІІМ Алматыдағы арнайы операция қиындай түскенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрлігі Алматыдағы арнайы операцияның  қиындай түскенін  айтты. Бұл туралы «Хабар 24» арнасы хабарлады. 

Террористер өздерін бейбіт тұрғын ретінде көрсетіп, қитұрқы әрекеттерін жүзеге асырып жатыр. Оның ішінде әйелдер де бар. Қазір күш құрылымдары жағдайды реттеп, адамдар қауіпсіздігін сақтау үшін барын салып жатыр. 

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздікте полиция, жедел жәрдем қызметінің жұмысына кедергі келтірілді. Қаладағы кейбір нысандарға қасақана шабуыл жасағандар да болды. 

Орталықтағы дүкендер тоналып, азық-түлік тапшылығы да байқалып жатыр.  Сондай-ақ қоғамдық көліктер де тоқтатылды. Қалалық әкімдіктен хабар алу мүмкін болмай отыр. Қалалық полиция департаментінің жедел басқару орталығының жедел штабы жұмыс істеп тұр. Тұрғындар «102» номеріне хабарласа алады. 

Өзгелердің жаңалығы