Игорь Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

19 Сәуір 2022, 10:50
1436
Бөлісу:
Игорь Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы Прокуроры Игорь Дужновты дүние-мүлкін тәркілеусіз қауіпсіздігі төтенше мекемеде өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.

Дужновтың өз ісіне еш өкінбейтінін ескере отырып, оған мүлкін тәркілеусіз төтенше жағдайдағы күзет мекемесінде өтейтін ең жоғары жазаны тағайындау қажет деп есептеймін, - деді прокурор.

Айта кетейік, былтыр 20 қыркүйекте Алматыда ер адам бес адамды: сот орындаушысын, екі полицейді және екі бейбіт тұрғынды атып кеткен болатын. Дужновқа адам өлтіру, билік өкіліне күш көрсетті және шет мемлекеттің аумағында соғыс қимылдарына қатысты деген айыптар тағылды.

29 наурызда іс бойынша басты сот отырысы басталды.

Өзгелердің жаңалығы