Талапты күшейтіп, оқымаған баланы сүйрей беруді тоқтату керек – мұғалім

16 Қараша 2021, 19:04
5219
Бөлісу:
Талапты күшейтіп, оқымаған баланы сүйрей беруді тоқтату керек  – мұғалім

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында «Team Kazakstan» жастар қозғалысының белсендісі, білім мәселелері жөніндегі сарапшы Қайсар Тұрсынқожа магистратура мен докторантураға бөлініп жатқан грант саны көп екенін айтты.

Ер азаматтың қоғамдағы рөлі де маңызды. Әсіресе, мектепте ер мұғалімдердің аздығы бар. Қазіргі қоғамда жалғызбасты ана тәрбиесін көріп отырған жас толқын өте көп. Осы ретте «Ер батыр» сияқты жобалар мен отандық телеарналарда маңызды сұхбаттар мен мағыналы дүниелер көбейсе деген тілек бар, - деді ол.

Оның сөзінше, мектеп оқушыларының білімін емтихан арқылы тексереміз. Ал адами құндылықты қаншалықты игергенін бағалай бермейміз. Адамның мықты және әлсіз тұстары мен қабілетін анықтайтын тестер, бағалау жүйелері мектепте қолданылса, соған қарай кәсіби бағдар беруге болады.

Кәсіби бағдарын анықтаған соң бала колледжде немесе ЖОО-да білімін жалғастыра алады. Шетелдік оқу орындарының нарыққа кіруіне, аттестациядан өтуіне мүмкіндік берсек, бәсеке туындап, отандық университеттердің де академиялық және ғылыми әлеуеті артар еді. Талапты күшейтіп, оқымаған баланы сүйрей беруді тоқтататын кез келді. Магистратура мен докторантураға бөлініп жатқан грант саны көп. Қызығушылығы жоқ адам үшін игерілмеген гранттарды игерудің қажеті бар ма? – дейді сарапшы Қайсар Тұрсынқожа.
Өзгелердің жаңалығы