Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытайдан елге оралған азаматтардың арасынан 27 адам маусымдық аурумен ауырып жатыр.
Ауруханаға түскен тағы 8 адамнан сынама алып, Алматыдағы Әйтімбаев атындағы Инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберілді. Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 6 қаңтардан кейін Қазақстанға келген азаматтарды бақылау жұмыстары туралы мәлім етті.
Әзірге 35 адам жеке бокстарға оқшауландырылған. Оның 22-сіне - ЖРВИ, 4 - тұмау және біреуіне - тұмау мен парагрипп диагноздары қойылды.
Осылайша, 27 адам маусымдық аурумен ауырып жатыр. Ауруханаға түскен тағы 8 адамнан сынама алып, Алматыдағы Әйтімбаев атындағы Инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жібердік. Бұл орталық жаңа коронавирусты диагностикалайтын Полимеразды тізбекті реакция әдістемесін меңгерген. Қазақстанда коронавирус инфекциясын болдырмаудың бар ресурсы жеткілікті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен және Ресеймен өзара кәсіби көмек жөнінде уағдаластық, - деп айтты Жандарбек Бекшин.
Баса айта кететіні, Денсаулық сақтау министрлігі Қытайға келген 12 365 қазақстандықтардың 51%, яғни 6 449 адамға хабарласып, жағдайын сұрап білген.
Мұндағы әңгіме қызуы көтерілген барлық тұрғындар емес, 6 қаңтардан кейін ҚХР аумағынан келгендер туралы болып отыр. 6 қаңтардан бүгін таңғы 7:00-ге дейін ҚХР мен Қазақстанның мемлекеттік шекарасындағы өткізу бекеттерінен 12 610 адам өтті. Оның арасында 12 365 адам - Қазақстан азаматтары, 245 - шетелдіктер. Қазақстанның барлық өңірлеріндегі медициналық мамандар осы жолаушылардың 51% (6 449 адам) хабарласып, жағдайын сұрады. Оларға хабарласып, есепке қоюды жалғастырамыз, - деп мәлімдеді спикер бүгінгі брифинг барысында.