Хоррор фильмдердің жұлдызы КВИ-ден қайтыс болды

5 Қаңтар 2021, 10:52
1877
Бөлісу:
Хоррор фильмдердің жұлдызы КВИ-ден қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорқынышты фильмдерге жиі түсетін британиялық актриса Барбара Шелли коронавирустан көз жұмды.

Британиялық актриса Барбара Шелли 88 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы SkyNews телеарнасы хабарлады. 

Белгілі болғандай, Шелли ауруханаға тексерілу үшін жатқан кезде вирус жұқтырып алған. Актриса Рождествоның алдында екі аптадай ауруханада жатқан көрінеді. 

Хоррор фильмдердің жұлдызы КВИ-ден қайтыс болды

Барбара Шелли 1932 жылы 13 ақпанда Лондонда дүниеге келді. Актриса көбінесе қорқынышты фильмдерде түсетін. Барбара Шелли «Дракула: Принц тьмы» (1966) фильмінен кейін кеңінен таныла бастады. Ол фильмде Хелен Кенттің рөлін ойнады. Бұдан бөлек, ол «Кровь вампира» (1958), «Деревня проклятых» (1960), «Горгона» (1964), «Распутин: Сумасшедший монах» (1966), «Гордость и предубеждение» (1980), «Женщина-кошка» (2004), «Доктор Кто» (2005), «Мстители» (2012) және тағы басқа фильмдерге түскен.

Хоррор фильмдердің жұлдызы КВИ-ден қайтыс болды

Өзгелердің жаңалығы