ХОК президенті Абзал Әжғалиевке арнайы сертификат жолдады

24 Мамыр 2022, 02:16
1263
Бөлісу:
ХОК президенті Абзал Әжғалиевке арнайы сертификат жолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Сертификатта «Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Абзал Әжғалиевке ХОК мұрасын қолдағаны үшін өзінің шынайы ілтипатын білдіреді» делінген. 

Бүгін ХОК Басшысы Томас Бахтың Лозаннадан арнайы жолдаған сертификатына ие болдым. Бейжің Олимпиадасында Қазақстан құрамасының Ту ұстаушыларының ашылу салтанатындағы формасы жоғары бағаланып, алдыңғы аптада ХОК мұражайына арнайы табысталды. Енді Қазақтың ұлттық оюымен көмкерілген Батыр бейнесіндегі киіміміз Халықаралық Олимпида комитетінің мұражайында сақталады. Қазақстан тарихында мұндай оқиға бірінші рет тіркеліп отыр. Өз кезегінде, ХОК Президенті Томас Бах шынайы алғысын білдіріп, киімнің иегері ретінде маған арнайы сертификатын жолдаған екен. Олимпиадашы үшін мұндай құрмет зор мәртебе, – деп жазды Абзал Әжғалиев.

Өзгелердің жаңалығы