«Халықтық құрылыс» бағдарламасында цифрлық теңге қолданылады

 ©️ BAQ.KZ архиві 13 Қараша 2026, 14:48
13 Қараша 2026, 14:48
120
Фото: ©️ BAQ.KZ архиві

Қазақстанда цифрлық теңге Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасын жүзеге асыруға пайдаланылады. Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп, цифрлық теңгенің айналым көлемін 2 триллион теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бүгін Алматыда өтіп жатқан қаржыгерлер конгресінде мәлімдеді. Оның айтуынша, цифрлық теңге енді пилоттық жобалар деңгейінен өтіп, нақты экономикалық міндеттерді шешуге қолданылатын құралға айналып келеді. Оны ауқымды мемлекеттік бастамалар аясында пайдалану көзделген.

Үкіметпен бірлесіп, цифрлық теңгенің көлемін 2 триллион теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл құралды Мемлекет басшысының ауқымды бастамасы – «Халықтық құрылыс» бағдарламасында қолданамыз, – дейді Сүлейменов.

Сонымен қатар соңғы бір жылда бұрын бастама ретінде айтылған бірқатар жобаның нақты іске аса бастағаны атап өтілді. Олардың қатарында жаңа «Банктер туралы» заң мен цифрлық активтер индустриясын дамыту бар.

Қазақстан әлемде алғашқылардың бірі болып цифрлық активтер саласын реттейтін кешенді құқықтық жүйе қалыптастырған. Ол криптовалюталардың заңды айналымынан бастап, нақты активтерді токенизациялауға дейінгі бағыттарды қамтиды.

Осылайша, цифрлық теңгені мемлекеттік бастамаларда пайдалану Қазақстанның цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамытудағы жаңа кезеңнің бірі болмақ.

Еске салсақ, «Халықтық құрылыс» жобасы аясында Ақтауда 350 орындық балалар ауруханасы салынады. Өңірде медициналық және білім беру нысандары жаңартылады.

Наверх