Халықаралық әйелдер күні: Астанада қандай іс-шаралар өтеді?

6 Наурыз 2024, 13:09
353
Бөлісу:
Халықаралық әйелдер күні: Астанада қандай іс-шаралар өтеді?
Фото: Елорда әкімдігі

Астанада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында түрлі концерттер, қойылымдар, құттықтау іс-шаралары жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

6 наурыз күні Е. Рахмадиев атындағы филармония залында сағат 19:30-да "Жігіттер" тобының 20 жылдық мерекелік концерті өтеді. Сол сияқты дәл осы күні "Астана Опера" Опера және Балет театрында Халықаралық әйелдер күніне орай "Нұра" ауданы әйелдер қауымына арналған "Ты – моя мелодия" меркелік концерті, "Наз" Мемлекеттік би театрында "Ару ғұмыр»" концерті ұйымдастырылады.

7 наурыз күні елорданың бірқатар білім беру мекемесінде мерекелік іс-шаралар жоспарланып отыр. Мәселен, Ермек Серкебаев атындағы №3 БММ-де, Роза Бағланова атындағы №2 БММ-де, №16 орта мектепте "Көктем мерекесі" 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылады. Сол сияқты "Техникалық шығармашылық орталығында" "Ардақты анашым" техникалық дизайн үйірме оқушылары арасында концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. 

7 наурыз күні Еркеғали Рахмадиев атындағы филармонияда сағат 19:30-да Нұрболат Абдуллиннің жеке концерті өтеді.

8 наурыз күні сағат 18:00-де Максим Горький атындағы МАОДТ сахнасында "Восемь любящих женщин" қойылымы, Музыкалық жас көрермен театрында сағат 14:00-де және 19:00-де "Гауhартас" қойылымы, сол сияқты Жастар театрында сағат 19:00-де Театрландырылған концерттік бағдарлама "Махаббат миниатюралары" жоспарланып отыр.

8 наурыз күні сағат 19:30-да Еркеғали Рахмадиев атындағы филармонияда "Тоқтар мен Бейбіт: жаңа бағдарлама" концерті, ал 9 наурыз күні сағат 19:00-де Конгресс-центрде әнші Innaның жеке концерті өтеді.

9 наурызда Бейбітшілік және келісім сарайында сағат 19:30-да Алишер Каримовтың жеке концерті өтеді.

Ал сағат 19:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы филармонияда "Шымкент Шоу" әзіл-ысқақ театрының мерекелік концерті өтеді. Сонымен қатар, 9 наурыз күні №65 мектеп-гимназиясында мектеп және балабақша оқытушылары мен тәрбиешілер арасында спартакиада өтеді.

10 наурыз сағат 19:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы филармонияда Қуандық Рахым мен Альбина Шардарованың "Болайық бірге" атты концерті ұйымдастырылады.

Мереке қарсаңында елорданың барлық ауданында «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен көпбалалы аналарды марапаттау рәсімі өтеді. Байқоңыр ауданының әкімі тыл еңбеккерлерін арнайы құттықтаса, өзге аудандарда белсенді әйелдерді құттықтау іс-шаралары жоспарланып отыр.

Сол сияқты "Қамқор" әлуметтік қызмет көрсету орталығында "Қамқор арулары" атты қызмет алушылар арасында, сол сияқты "Арулар нәзік жандар" атты қызметкерлер арасында мерекелік іс-шаралар өтеді.

Өзгелердің жаңалығы