«Халал» сертификатын беру қалай реттеледі?

6 Сәуір 2021, 12:53
1753
Бөлісу:
«Халал» сертификатын беру қалай реттеледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сауда және интеграция министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің ұлттық аккредиттеу орталығы бас директорының бірінші орынбасары Қайнар Тайжанов айтты.

«Халал» сертификаттары өнімнің сапасына қатысты болады. Оны мемлекеттік органдар реттеген жоқ. Алайда «Техникалық реттеу туралы» заң жобасы бойынша кез келген өндіруші сертификация жүйесі мен жауапкершілікпен қамтамасыз етуді түсінуі керек. Биыл «халал» бойынша 15 стандартты Сауда және интеграция министрлігі әзірлеп енгізді. Оны өндіріске енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, - деді ол. 

Тайжанов атап өткендей, өткен жылы БАӘ және Түркияның стандарттауы бойынша тәжірибе жүзеге асырылды. 

Оны өзімізде қолдануды қарастырдық. Ол өндіріске кезең кезеңмен енгізілетін болады. Сондай-ақ кез келген енгізілетін есептеу құралдары тіркелуі керек. Есептегіш құралдарына бірыңғай стандарт енгізу міндеттеледі. Олардың басым бөлігі қазір пайдалануға енгізілді, - деді ол.
Бұған дейін Қазақстанда қауіпті өнімдердің реестрі енгізілетіні хабарланды.
Өзгелердің жаңалығы