Әзербайжанның Гянджа қаласын атқылаудан тоғыз адам қаза тапты

11 Қазан 2020, 18:42
1534
Бөлісу:
Әзербайжанның Гянджа қаласын атқылаудан тоғыз адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзербайжанның Бас прокуратурасы Гянджа қаласын зымыранмен атқан кезде тоғыз адам қайтыс болды деп мәлімдеді.

11 қазанда шамамен 2:00-де армян қарулы күштері соғыс аймағынан тыс жерде орналасқан екінші ірі өнеркәсіптік Гянджа қаласына қатты оқ жаудырды және қала орталығындағы көппәтерлі ғимаратқа зымыран шабуылы нәтижесінде тоғыз бейбіт тұрғын, оның ішінде төрт әйел қаза тапты, - делінген хабарламада.

Бұған дейін жеті адам қайтыс болды және 33 адам жараланды, олардың арасында балалар да бар.

Айта кетейік, Әзербайжан мен Армения 10 қазанда сағат 12.00-ден бастап Қарабақтағы соғысты тоқтату туралы келіскені хабарланған болатын. Алайда, Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақтағы байланыс сызығындағы Тертер мен Агдам елді мекендеріне Арменияның қарулы күштері оқ атып жатқанын мәлімдеді. Кейіннен Әзербайжан мен Армения арасындағы келісім бұзылғаны анықталды.

Өзгелердің жаңалығы