Грузияда жер сілкінісі болды

12 Ақпан 2023, 10:21
4407
Бөлісу:
Грузияда жер сілкінісі болды

Грузияның батысында кешкі уақытта 4,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық сейсмикалық мониторинг орталығының мәліметіне сәйкес Грузияның батысында кешкі уақытта 4,5 балдық жер сілкінісі болды, - делінген Грузияның Бірінші арнасының хабарламасында.

Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 19.33-те тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 4,96 км тереңдікте болған. Жер сілкінісінің ошағы Озургети қаласынан (Гурия өңірінің орталығы) шығысқа қарай жеті шақырым жерде, Вакиджвари ауылына жақын жерде орналасқан. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ.

Өзгелердің жаңалығы