Грузияда карантин қатаңдатылды

4 Қараша 2020, 10:57
1433
Бөлісу:
Грузияда карантин қатаңдатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грузия билігі ел азаматтарына масканы тек ғимаратта емес, көшеде де тағуды міндеттеді. Бұл туралы Рустави 2 хабарлады.

Маска режимін бұзушыларға 20 лари (6 доллар) айыппұл салынады деп хабарланған.

Сонымен қатар, елдегі мейрамханалардың жұмысы шектеулі. 

Олар 22.00-де жабылуы керек. Бұған дейін Тбилиси, Мцхете, Кутаиси және Батумиде осындай шектеулер енгізілген болатын.

Сондай-ақ көптеген мектепте қараша айының соңына дейін қашықтан оқыту режимі сақталады.

Вице-премьер Майя Цкитишвилидің айтуынша, нақты шектеу стратегиясы жақсы нәтиже көрсетті, сондықтан болашақта билік коронавирусқа байланысты жүйелік локдаун енгізуді жоспарламайды.

3 қарашадағы жағдай бойынша пандемия басталғаннан бері Грузияда коронавирус жұқтырғандар саны 44,5 мыңға жетіп, 362 науқас көз жұмды, 28,6 мың адам сауығып шықты. Коронавирус ауруының өсуі қыркүйектің ортасынан бастап байқала бастады.

Бұған дейін Грузия Премьер-министрі Георгий Гахариядан коронавирус инфекциясы анықталған еді.
Өзгелердің жаңалығы