Грузияда есірткі заттарын жасап, сатқан отандасымыз ұсталды

15 Қараша 2020, 10:30
1508
Бөлісу:
Грузияда есірткі заттарын жасап, сатқан отандасымыз ұсталды

Алматы, BAQ.KZ.  27 жастағы әйел Тбилисиде есірткі заттарын жасады деген күдікпен ұсталған. Бұл туралы Грузия ІІМ-і хабарлады.

Мәліметте көрсетілгендей күдікті жалдап тұрып жатқан пәтерінде мефедрон сияқты есірткі заттарын жасап, кейін интернетте сатқан.

Полиция ұсталған әйелден бірнеше рет мефедрон сатып алып, жасырын түсірілім жүргізген. Сондай-ақ зертханада мефедрон есірткісін жасап жатқан кезін жасырын бейнеге түсірген. 

Күдіктіні ұстау кезінде оның пәтерінен 2,3 келі есірткі заты мен оны жасауға қажетті химиялық құралдар тәркіленген. Бұл заттардың нарықтағы бағасы 155 млн теңгені құрайды екен.

Өзгелердің жаңалығы