Грузия Қазақстаннан алғаш рет күнбағыс майын алды

9 Қараша 2022, 03:41
1253
Бөлісу:
Грузия Қазақстаннан алғаш рет күнбағыс майын алды

Грузия өз тарихында екінші рет Қазақстаннан күнбағыс майын сатып алды. Бұрын оны Украина мен Ресейден жеткізетін. Алайда күрделі геосаяси ахуалға байланысты биыл қазақстандық өндірушілерге бет бұрды, деп хабарлады BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Грузия алғаш рет Қазақстаннан күнбағыс майын осыдан сегіз жыл бұрын сатып алған еді. Ал биыл өзара сауда тағы жанданып, грузиндер қазақ елінен 300 тоннадан астам май импорттады.

Грузия ұлттық статистика қызметінің мәліметінше, алғашқы 9 айында Грузияның Қазақстанмен жасаған импорт мөлшері былтырғымен салыстырғанда 75 процентке өсіп, 24 миллион доллардан асты. Сұйық маймен қатар тыңайтқыштар, бидай секілді кейбір қазақстандық тауарлардың да импорты артты. Алайда Грузия нарығы үлкен емес, сондықтан қазақ өндірушілері оған аса қызықпайды. 

Өзгелердің жаңалығы