Грузия мен Арменияда су тасыды

27 Мамыр 2024, 12:11
216
Бөлісу:
Грузия мен Арменияда су тасыды

Грузияның шығысында тоқтаусыз жауған жаңбырдан бірнеше өзен тасып, бірқатар өңірді су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ 24KZ-ке сілтеме жасап. 

Әсіресе, Марнеуль мен Больнис аймақтарында жағдай қиындаған. Апат аудандарында электр желілеріне қатты зақым келген. Үйлер мен ғимараттарды су шайып, егістік алқаптары жарамсыз болып қалды. 

Дебед өзенінің тасуы көршілес Арменияға да әсер еткен. Табиғат апатынан 1 адам опат болып, мыңдаған тұрғын қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы