Грузия коменданттық сағат енгізді

31 Наурыз 2020, 06:58
1370
Бөлісу:
Грузия коменданттық сағат енгізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грузияда эпидемияның нашарлауына байланысты коменданттық сағат қабылданды. Бұл туралы Грузия премьер-министрі Георгий Гахария мәлімдеді, деп хабарлайды Грузия online.

Ел аумағында кешкі сағат 21.00-ден 06.00-ге дейін карантин енгізілетіндігі айтылған. Осы уақытта жаяу жүруге де, көлік қозғалысына да тыйым салынады. Шешім 31 наурызда, таңғы 8-ден бастап күшіне енеді.

Төтенше жағдай кезінде толықтай карантин жарияланды. 21.00-ден таңертеңгі 6-ға дейін жаяу немесе көлікпен жүруге тыйым салынады, - деді премьер-министр.

Карантин режимінде 70 жастан асқан азаматтарға жақын жердегі азық-түлік дүкеніне, дәріханаға немесе медициналық мекемеге жіберілмесе, үйінен шығуға тыйым салынады.

Егер біздің азаматтарымыз 70 жастан асқан жалғызбасты болса, экономика министрлігі, денсаулық сақтау министрлігі және жергілікті әкімшіліктер оларға көмектесуге міндетті, - деді Гахария.

Толық карантиндік режим жаңа коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі шаралар аясында енгізілді. 

Біз төтенше жағдайдағы шараларды едәуір күшейту туралы шешім қабылдадық. Біз карантин режимін іс жүзінде жариялаймыз, - деп мәлімдеген Георгий Гахария.

 

Грузияда қазіргі уақытта 98 инфекция жұқтыру оқиғасы тіркелген.



Өзгелердің жаңалығы