Гренландия мұздығы жылдам еріп бара жатыр – ғалымдар

22 Тамыз 2020, 22:18
1960
Бөлісу:
Гренландия мұздығы жылдам еріп бара жатыр – ғалымдар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемдегі ең үлкен мұз қабаттарының бірі – Гренландия мұздығы бұзыла бастады, деп жазды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, былтыр 532 млрд тонна мұз еріген. Ғалымдар мұндай өзгеріс соңғы 60 жылда алғаш рет байқалып отырғанын айтады.

Болжам бойынша мұхиттың суы шамамен 1,5 миллиметрге дейін көтерілуі ықтимал. Салыстырмалы түрде айтсақ, бұл Ұлыбританияның аумағындай жерді биіктігі 2,5 метрге дейін су басады деген сөз. Мамандар тек күн суытса ғана, Гренландиядағы мұздың еруі тоқтайтынын айтып отыр.
Өзгелердің жаңалығы