Google экологиялық таза маршруттарды ұсына бастайды

1 Сәуір 2021, 14:01
1936
Бөлісу:
Google экологиялық таза маршруттарды ұсына бастайды

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа мүмкіндік Google-дің жаһандық климаттың өзгеруіне қарсы тұру міндеттемесінің бір бөлігі есебінде болмақ.

Google карталары жүргізуші ең аз көміртегі ізін қалдыратын маршруттарды жасай бастайды. Ол үшін жүйе трафикті, автомобиль шығарындыларын және жолдардың көлбеу тұстарын саралайды. Бұл туралы 31 наурыз күні BBC жазды.

Телекомпанияның хабарлауынша, бұл функция АҚШ-та жыл соңында қосылса, басқа елдерде кейінірек жұмыс істей бастайды.

Қосымшаны іске қосқан кезде, егер пайдаланушы бұл функциядан бас тартпаса, құрастырылған маршрут автоматты түрде экологиялық таза болады. Балама маршруттармен жүру әлдеқайда жылдам болатын жағдайларда, Google жүргізушіге өзге де нұсқаларды ұсынады және болжамды шығарындыларды салыстыруға мүмкіндік береді, - деді Google компаниясының өнімдер жөніндегі директоры Рассел Дикер. 

Компания АҚШ-тың Ұлттық жаңартылатын энергия зертханасы түрлі машиналар мен автомобиль жолдарын сынау кезінде алынған шығарындылар туралы деректерді пайдаланады.

Google карталарында GoogleStreetView функциясы арқылы алынған жол көлбеуі туралы мәліметтер де ескеріледі. Бұл әлемнің көптеген қала көшелерінің панорамалық көріністерін шамамен 2,5 метр биіктіктен көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар компания аэрофотосуреттер мен спутниктік суреттерді пайдаланады.

 

Өзгелердің жаңалығы