Головкиннің промоутері Муратамен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

6 Сәуір 2022, 21:01
1410
Бөлісу:
Головкиннің промоутері Муратамен жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) промоутері Том Леффлер жапон боксшысы Риота Муратамен (16-2, 13 КО) үш титул үшін өтетін алдағы жекпе-жегіне мәлімдеме жасады, деп хабарлады Prosports.kz. 

АҚШ-та GGG мен Мурата жекпе-жегіне 4 күн қалды. Геннадий Головкин өзінің әлемдік турнесін жалғастырып, оның қайтадан әлем титулдарын біріктіре алатынына куә боламыз. Бұл жолы жекпе-жек Мұратаның отаны Жапонияда өтеді, - деп жазды Лоэффлер твиттерде. 

Еске салайық, Головкин мен Мурата жекпе-жегі жақын арада, 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) өтеді.

Өзгелердің жаңалығы