Головкин жеңіліп көрмеген америкалық қарсыласынан бас тартты

13 Шілде 2021, 14:23
3059
Бөлісу:
Головкин жеңіліп көрмеген америкалық қарсыласынан бас тартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Геннадий Головкин WBO титулының иегері Деметриус Андрадемен жұдырықтасудан бас тартты. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

The Athletic инсайдері Лэнс Пагмайрдың мәліметінше, орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин бұл кездесуге қызығушылық танытып отырған жоқ. Бұл туралы Пагмайрға DAZN стриминг сервисіндегі ақпарат көзі хабарлады.

Маған Генадий Головкиннің 31 желтоқсан күні Жапонияда Риото Муратамен өтеді деп жоспарланған кездесуіне дейін Деметриус Андрадемен шаршы алаңға шықпайтыны туралы хабар келді, - деді The Athletic инсайдері Twіtter әлеуметтік желісінде.

Бұған дейін дәл осы ақпарат көзі Геннадий Головкиннің қыркүйекте Сауль Альвареспен үшінші рет кездесуге келісім бергенін мәлімдеген болатын. Бірақ келісімінің нақты екені әлі белгісіз.

Өзгелердің жаңалығы