Гипермаркет пен супермаркеттер тәулік бойы жұмыс істеуге көшуі мүмкін

9 Желтоқсан 2020, 13:22
1203
Бөлісу:
Гипермаркет пен супермаркеттер тәулік бойы жұмыс істеуге көшуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы баспасөз конференциясында айтты. 

Карантин талаптарын сақтау керек. Қоғамда сақталуы керек талаптарға мән бермейтін адамдар бар. Бірақ қазір басым көпшілік талаптарды сақтауды үйренді. Біз әрі қарай түсіндіру жұмыстарын жалғастыруымыз керек. Карантин шектеулерінің  енуі орынды. Себебі қазір жабық ғимараттарда балалар алаңы мен кинотеатрларда, адам көп жиналатын жерлерде карантин шектеулері бар. Олар жалғасын табады. Локдаун болғанда адамдарға қиын болғанын көрдік. Бізге ол тағы керек пе? Меніңше, біз оны болдырмауымыз керек. Ол қоғамның әрбір мүшесіне байланысты, - деді ол. 

Қала әкімі сондықтан да мейрамдарды адамдар отбасыларымен бірге қарсы алғаны дұрыс екенін айтты. 

Жаңа жылды ауруханада емес, отбасымен қарсы алған әлдеқайда жақсы емес пе? Сондықтан бұл мәселелерді ескеру керек. Санитарлық дәрігерлер және сауда орталықтармен ақылдастық. Себебі адамдар жаңа жыл қарсаңында дүкендерге көп барады. Сондықтан адамданың көп шоғырлануын болдырмау үшін біз гипермаркет пен супермаркеттерді тәулік бойы жұмыс істеуге көшіруді ойластырып жатырмыз. Сол кезде біз дәлізді кеңейтеміз, адамдар сол кезде асықпайтын болады. Жақын арада ол туралы айтамыз, - деді ол. 

Көлгінов бұл шаралардың барлығы локдаун енгізбеу үшін жасалып жатқанын айтты. 

Тағы да бірқатар шара қабылдаймыз. Себебі локдаун экономикалық негатив әсерін тудырады. Адамдар жұмысқа бара алмайды. Ұжым көп жиналатын кәсіпкерліктер жұмыскерлерін қашықтан жұмыс істеуге жіберді. Қаланы жабу жоспарда жоқ. Алайда қосымша карантин шаралары науқас саны көбейген кезде енгізіледі, - деді ол.



Өзгелердің жаңалығы