Гидротехникалық құрылыстарға тексеріс жүргізілді

6 Қараша 2024, 09:26
230
Бөлісу:
Гидротехникалық құрылыстарға тексеріс жүргізілді
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Елде 8 бассейндік инспекция: Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс, Есіл, Жайық-Каспий, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай және Шу-Талас жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтың тапсырмасы бойынша келесі жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында министрліктің бассейндік инспекциялары гидротехникалық құрылыстарға тексеріс жүргізді.

Тобыл-Торғай бассейнінің су қоймалары 62%, Есіл бассейні су қоймалары 85%, Жайық - Каспий бассейні су қоймалары 37%, Ертіс бассейні су қоймалары 83%, Нұра-Сарысу бассейні су қоймалары 86%, Арал-Сырдария бассейні су қоймалары 23%, Балқаш-Алакөл бассейні су қоймалары 89% және Шу-Талас бассейніне қарасты су қоймаларына 54% су жиналған.

Барлық су қоймасы бекітілген кестеге сай жұмыс істеп жатыр және жоспар су тасқынына қатысты болжамдарға байланысты түзетілетін болады. Қазіргі уақытта солтүстік, батыс және шығыс өңірлердегі су қоймаларынан су жіберіліп жатыр. Бұл көктемгі су тасқыны кезінде еріген қар суын қабылдауға бос орынды қамтамасыз ету үшін жасалып жатыр. Қазақстанның оңтүстігіндегі су қоймалары су жинау режимінде жұмыс істеп жатыр. Судың мол болуына байланысты, 76%-ға толған Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасы транзиттік режимге ауыстырылады, – деді Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының міндетін атқарушы Гүлмира Имашева.

Өзгелердің жаңалығы