Газа секторында қанша Қазақстан азаматы бар

26 Қазан 2023, 11:46
621
Бөлісу:
Газа секторында қанша Қазақстан азаматы бар
Фото: pixabay.com

Қазақстан азаматтарын Газа секторынан шығару жұмыстары бойынша келіссөз жүріп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров мәлімдеді.

Біздің дипломатиялық өкілдік Газа секторындағы Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыста. Атап айтқанда, осы аумақтан азаматтарымызды аман-есен шығарып алу мақсатында Мысыр үкіметімен және басқа да ресми тұлғалармен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Қазір 45 мемлекет өз азаматтарын шығарып алу үшін әрекет етуде. Әзірге, бірде-бір шетел азаматы осы өңірден шыққан жоқ. Жұмыс жалғасуда, - деді ведомство басшысының орынбасары Сенаттың жалпы отырысынан кулуарда берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол қазір Газа секторындағы тұрғындарға гуманитарлық көмек жасауға ерекше мән берілгеніне тоқталды.

Өңірге гуманитарлық жүк тиелген көліктер өткізілуде. Ол жерде жағдай өте күрделі. Қақтығыс аумағында еліміздің нақты неше азаматы қалғаны тұралы мәліметті анықтап жатырмыз. Байланысқа шықпай жатқандары да бар. Бұған дейін аты аталмаған басқа адамдар да анықталуда. Сондықтан қазір нақты адам санын айту мүмкін болмай тұр. Өткізу бекеті ашылып, азаматтарды шығарып алсақ, олардың азаматтығы анықталады, - деді Қайрат Омаров.

Еске сала кетейік, бұған дейін Газа секторында қазақстандық әйел қызымен бірге қайтыс болды.

Өзгелердің жаңалығы