Футзалдан Еуропа чемпионаты: Жартылай финалға шыққан құрамалар анықталды

2 Ақпан 2022, 12:45
1155
Бөлісу:
Футзалдан Еуропа чемпионаты: Жартылай финалға шыққан құрамалар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатында жартылай финалға шыққан құрамалар толықтай анықталды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Енді жартылай финалда Португалия мен Испания, Ресей мен Украина шеберлік байқасады. 1 ақпанда Ресей Грузияны 3:1, Испания Словакияны 5:1 есебімен тізе бүктірді.

Одан бұрын 31 қаңтарда Украина Қазақстаннан 4:2, Португалия Финляндиядан 3:2 есебімен басым түскен еді.

Жартылай финал ойындары 4 ақпанға белгіленген. Ал 6 ақпанда финал және 3-орын үшін ойындар болады. Еуропа чемпионаты 1996 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінге дейін Испания - 7, Италия - 2, Ресей мен Португалия 1 мәрте чемпион атанды.

Өзгелердің жаңалығы