Франция Қазақстанға тіл үйрену үшін 30 грант береді

9 Маусым 2023, 12:52
916
Бөлісу:
Франция Қазақстанға тіл үйрену үшін 30 грант береді
Фото: автордан

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Францияның Қазақстандағы елшілігі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл құжатқа Астана халықаралық форумы аясында қол қойылды.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек меморандумның мән-мақсатын түсіндіріп берді.

«Болашақ» бағдарламасы аясында Францияға оқуға баратын талапкерлерге француз тілін оқыту үшін елшілік 30 арнайы стипендия беріп отыр. Француз тілін оқу және оның Қазақстандағы қолданылуын ұлғайту маңызды. БҰҰ-ның 6 жұмыс тілі барын білесіздер. Олар халықаралық тіл саналады – ағылшын, француз, орыс, араб, испан және қытай тілдері, - деп айтты министр.

Саясат Нұрбектің айтуына қарағанда, алдағы 20-30 жылда француз тілінің маңыздылығы және қолдану үрдісі ұлғаяды.

Франция Қазақстанға тіл үйрену үшін 30 грант береді

Себебі Африкадағы халықтың саны өте тез өсіп келеді. Қазірдің өзінде Африка континентінде 1,2 млрд адам тұрады. Сондай-ақ ол халқы ең тез өсіп келе жатқан елдердің бірі. Африкада елдердің 50-60%-ы француз тілінде сөйлейді. Егер француз халқының санының өсуі жалғасса, онда 2050 жылға қарай жердегі 35 жасқа дейінгі халықтың жартысы африкалықтар болады. Сондықтан француз тілі халықаралық мәртебеге ие және тез өсіп келе жатқан тіл ретінде бізге маңызды, - деп айтты Жоғары білім министрі.

Оның сөзінше, француз тілі – болашақтың тілі.

Өзгелердің жаңалығы