Фейк: Балабақшаларда химиялық заттар шашу салдарынан балалар ауырады

9 Ақпан 2022, 13:09
1309
Бөлісу:
Фейк: Балабақшаларда химиялық заттар шашу салдарынан балалар ауырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар балабақшада жүргізіліп жатқан санитарлық өңдеу барысы көрсетілген бейнежазбамен бөлісуде. Ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлайды stopfake.kz.

Кадрлардан оның қай балабақшада, қалада немесе елде түсірілгенін анықтау мүмкін емес. Бірақ қазақстандық білім беру мекемелерінде денсаулыққа қауіпті заттар шашпайды.

Еліміздің балабақшалары мен мектептерінде жүргізілетін санитарлық өңдеу балалар үшін зиянсыз, - деп хабарлады ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен.

Барлық балабақшалар мен мектептер мемлекеттік бақылаудан өткен және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген сертификатталған препараттармен ғана дезинфекцияланады. Олардың барлығы бекітілген нұсқаулыққа сәйкес қолданылады. Бұл заттар қауіпсіз, - деп мәлімдеді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.  

Өзгелердің жаңалығы