Еуропада климат өзгерісі Қазақстандағыдай сезілмейді – маман

7 Қараша 2023, 16:45
1071
Бөлісу:
Еуропада климат өзгерісі Қазақстандағыдай сезілмейді – маман
Фото: автордан

Бұл туралы «5 ел – 1 аймақ – 1 дауыс» аймақтық форумында климат, су, энергетика бойынша Орталық Азия кластер үйлестірушісі Торстен Брецина айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еуропадағы экология мен Қазақстан экологиясы арасында үлкен айырмашылық бар. Климаттың өзгеруі Орталық Азияда қатты сезіледі. Мысалы су тапшылығы мәселесі Еуропада күн тәртібінде тұрған жоқ. Қазақстандағыдай климат өзгерісі Еуропада сезілмейді, - деді ол.

Осы орайда ол Еуропа елдері өз жауапкершілігін сезінетінін айтты.

Ең үлкен шығарындылар Орталық Азияда болып жатқан жоқ. Еуропада, Қытайда және басқа да аймақтарда. Сондықтан бүгін халықаралық дәрежедегі Орталық Азия елдерінің позициясы айқындалады. Климаттың өзгеруіне бейімделу стратегиясы аясында нақты қандай бағыттар болатынын бүгін талқылаймыз. Халықаралық қоғам назарын Орталық Азияға аударғымыз келеді, - деді ол.

Айта кетейік, форум «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ және Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығының ұйымдастыруымен Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) және АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы