Еуростат 2026 жылдың екінші жартыжылдығына арналған Еуропа елдеріндегі ең төменгі жалақы көлемі туралы жаңа деректерді жариялады. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, ең төменгі жалақы бойынша көш басында Люксембург тұр.
Euronews ақпаратынша, 2026 жылғы шілдедегі мәлімет бойынша, Люксембургте ең төменгі айлық жалақы 2 771 еуроны құрайды. Алғашқы бестікке сондай-ақ Ирландия (2 391 еуро), Германия (2 343 еуро), Нидерланд (2 338 еуро) және Бельгия (2 234 еуро) енді. Франция бұл көрсеткіш бойынша 1 867 еуромен алғашқы бестікке сәл жетпей қалды.
Орташа деңгейдегі елдер қатарына Словения (1 482 еуро), Испания (1 425 еуро), Литва (1 153 еуро), Польша (1 119 еуро), Кипр (1 088 еуро), Грекия (1 073 еуро), Португалия (1 073 еуро) және Хорватия (1 050 еуро) кірді.
Ал Еуропалық одақ елдерінің ішінде ең төменгі ең төменгі жалақы Болгарияда тіркелген – 620 еуро. Егер ЕО-ға кандидат елдер де есепке алынса, ең төменгі көрсеткіш Украинаға тиесілі – 169 еуро. Одан кейін Молдова (313 еуро) орналасқан.
Сонымен қатар Түркия (621 еуро), Солтүстік Македония (624 еуро), Черногория (670 еуро) және Сербия (743 еуро) сияқты ЕО-ға үміткер мемлекеттердегі ең төменгі жалақы Болгариядан жоғары болып шықты.
Еуростат мәліметінше, зерттелген 29 елдің ішінде тек бес мемлекетте ең төменгі жалақы 2 мың еуродан асады. Ал 15 елде бұл көрсеткіш 1 мың еуроға да жетпейді. Олардың жетеуі – Еуропалық одаққа кандидат мемлекеттер.