Бұдан былай ескі көлігіңіз бен ауыл шаруашылығы техникасын өткізіп, 2 млн теңгеге дейін жеңілдік сертификатына қол жеткізе аласыз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айта кетерлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі ескі көліктерді жоюға қабылдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламасын жасаған болатын.
Ал ескіріп, қолданыстан шыққан көлігіңіз бен ауыл шаруашылығы техникаларын жоюда бағдарлама операторы – "Жасыл даму" АҚ болып саналады.
Бағдарламаға қатысу екі кезеңнен тұрады:
- Құжаттарды (паспорт, тіркеу туралы куәлік, тексеру актісі) ұсынып, "Жасыл даму" АҚ платформасында онлайн-өтінім беру керек.
- Бөлшектердің толық болуы және деректері тексерістен өткеннен кейін қабылдау пунктінде техниканы жеке тапсыру.
Жалпы бірінші кезеңде ескі көліктерді қабылдайтын кәсіпорындар анықталғаннан кейін басталады. Нақты уақыты белгісіз. Техникаларды қабылдау пункттерінің толық тізімі, олардың орналасқан жері ресми сайтта жарияланады, - деп жауап берді "Жасыл даму" компаниясынан.
Өтінім беру үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Жеке тұлғалар үшін:
1) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
2) бағдарламаға тіркеу есебінен шығару туралы анықтаманың көшірмесі;
3) нотариалды куәландырылған құжаттар: жұбайының сатуға келісімі туралы; неке туралы куәлік; жеке куәліктің көшірмелері не бағдарламаға сатып алу кезінде меншік иесінің некеде тұрмағаны туралы өтініш.
Сондай-ақ автокөлік пен арнайы техниканың иелеріне жеңілдік сертификаттары беріледі. Мұны азаматтар жаңа көлік құралын сатып алған кезде пайдалануға болады.
Жеңілдік сертификаты:
- оны берген сәттен бастап 3 реттен артық емес өзге тұлғаларға берілуі мүмкін;
- сертификатты өзге тұлғаларға беру оның қолданылу мерзімін өзгертпейді;
- көлік құралына немесе ауыл шаруашылығы техникасына жеңілдік сатып алынатын 1 көлік құралына 2 жеңілдікті сертификат бойынша немесе ауыл шаруашылығы техникасының 1 бірлігіне 4 жеңілдікті сертификат бойынша жинақталуы мүмкін.
2024 жылға арналған жеңілдік сертификатының мөлшері
Санат | Көлік құралдарының жіктелуі | Жеңілдік көлемі (теңге) |
М1 | Жеңіл автомобильдер | 315 000 |
М2 | Жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын, жүргізуші орнынан басқа, ең көп салмағы 5 тоннадан аспайтын сегіз орыннан артық отыратын көлік құралдары | 550 000 |
М3 | М3 жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын, жүргізуші орнынан басқа, максималды салмағы 5 тоннадан 750 000 асатын сегіз орындық көлік құралдары | 750 000 |
N1 | N1 максималды салмағы 3,5 тоннадан 550 000 аспайтын жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдары | 550 000 |
N2 | N2 максималды салмағы 3,5 тоннадан асатын, бірақ 12 тоннадан аспайтын жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдары 550 000 | 550 000 |
N3 | N3 максималды салмағы 12 тоннадан асатын жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдары. | 750 000 |
Трактор | 1 жиынтық | 1 000 000 |
2 жиынтық | 560 000 | |
Комбайн | 1 жиынтық | 2 000 000 |
2 жиынтық | 1 500 000 |