Ешкімге басымнан өткен сынақты тілемеймін. Әбішев өзін азаптағандар туралы айтты

21 Шілде 2022, 16:25
2376
Бөлісу:
Ешкімге басымнан өткен сынақты тілемеймін. Әбішев өзін азаптағандар туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін экс-министр Елжан Біртанов пен оның экс-орынбасары Олжас Әбішевтің ісіне қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. 

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев сот отырысында өзінің базынасын жеткізді. 

Шынымды айтсам, мен мұндай елде тұрғым келмейтін еді. Балаларымның да мұндай елде тұрғанын қаламайтын едім. Себебі кінәсіз адамды сотқа әкеліп, ойдан құрастырып, жазалай береді. Осы жерде отырғандардың бірде-біреуіне басымнан өткен сынақты  тілемеймін. Прокуратура осының барлығына көз жұмып отыр. Қанша рет өтініш бердім. Барлық заңды құралдарды қолдандым. Мен осындай азаптаулар жасайтындай не істедім? Тергеу изоляторында болғанда прокуратураның бұрынғы қызметкерлерінің әрекетін білемін. Осы жайлы барлығы білгенін қалаймын, - деді Әбішев. 

Ол осындай   заңсыздыққа 2 жыл төзгенін айтты.

Қазір 10 минут басымнан өткенді айтқым келеді. Мұндай құқық қорғау жүйесін көрмедім. Өз қызығушылықтарын қорғап, заңға бағынатын азаматтарды қорғамайды, - деді ол. 

Осыған дейін Олжас Әбішев азаптауларға қатысты 4 өтінішті ҚМА-ға жолдаған. Алайда агенттік ешбір дәлелдің болмауына қатысты өтініштерді жоққа шығарған. 

Айта кетейік, Елжан Біртанов 2020 жылы қызметінен кетті. Экс-министрдің ұсталғаны туралы қараша айының басында белгілі болды. Бастапқыда «мемлекет ақшасын жымқырды» деп айыпталды. Одан кейін тура тергеу аяқталар тұста бап «лауазымдық өкілетін теріс пайдаланды» деп өзгертілді. Оның орынбасары болған Олжас Әбішев те «билігін асыра пайдаланды» деген күдікке ілінді.  Содан кейін экс-министрге "мемлекеттік қызметшінің тиімді имиджін қалыптастырды" деген айып тағылды. Алайда 2 экс-шенеунік те кінәсін мойындаған жоқ.  Қаңтар айында № 2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы Ибрагим Әлкенов тергеу органдары "көп қателік жіберді" деп мәлімдеп, істі бас прокуратураға қайтарған.

Өзгелердің жаңалығы