Біртанов ісі. Айыпталушылар тергеуді қайта жүргізуді талап етуде

26 Қаңтар 2022, 17:51
1532
Бөлісу:
Біртанов ісі. Айыпталушылар тергеуді қайта жүргізуді талап етуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада №2 Сарыарқа аудандық сотында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтіп жатыр. Іс бойынша айыпталушылар тергеуді қайта жүргізуді талап етті.

Алдын ала тыңдаудан белгілі болғандай, Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішевтің ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу материалдарын зерттеу 1 жылдан астам уақытты қажет етеді.

Материалдар көлемі 30 мыңнан астам парақты қамтыған 133 томды құрайды. Тергеудің 1 терабайт көлеміндегі 500 сағаттық бейнематериалы мен айғақ заттардың 21 қоры бар. Айыпталушылар мен олардың қорғаушылары құжаттарды зерттемек түгілі олардың көшірмесін жасап үлгермеген. Сотқа дейінгі тергеу ісі аяқталған соң прокуратура істі сотқа тапсырған. Адвокаттар оның хаттамасымен таныспаған. Заңдық процессуалдық құқықтарынан айырылды, - деді Олжас Әбішев сот отырысында.

Осылайша, ол сотқа дейінгі тергеу материалдарымен танысу үшін уақыт сұрап, істі прокуратураға қайтаруды талап етіп отыр.

Еске сала кетейік, Біртанов пен Әбішевке олар ведомствоны басқарған тұста жалған ақпараттандыру платформасын іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылған. Осылайша, айыптаушы тарап экс-шенеуніктерге мемлекетке 1,5 млрд теңге көлемінде шығын келтірді делінген.

Өзгелердің жаңалығы