Ешбір университетте оқу ақысы өскен жоқ. Жоғары білім министрлігі мәлімдеме жасады

22 Тамыз 2022, 17:29
1537
Бөлісу:
Ешбір университетте оқу ақысы өскен жоқ. Жоғары білім министрлігі мәлімдеме жасады
Фото: автордан

Бұл туралы ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Ержан Әмірбекұлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жекеленген университеттерде мемлекеттегі инфляция деңгейіне байланысты дифференциация болды. Бұл бір күнде шешілетін мәселе емес. Кез келген университеттегі оқу ақысының көтерілуі немесе төмендеуі директорлар кеңесінің немесе құрылтайшылардың шешімімен жүзеге асырылады. Себебі олар нарықтағы жағдайды ескереді, – деді Әмірбекұлы.

Ол атағандай, мұндай шешім жылдың басында не ерте көктемде қабылданады.

Шілдеде министр Саясат Нұрбек оқу ақысының көтерілмейтіні туралы мәлімдеме жасады. Сол кезден бері ешқандай университетте оқу ақысы өспеді, – деді ол.

Бұл мәлімдеме барлық университетке нақты тапсырма ретінде айтылған.

Министрдің тиісті нұсқауын назарға алған. Университет бір күнде өзінен-өзі бағаны көтере салмайды. Студент пен білім беру орны арасында келісімшарт орнатылады. Баға дифференциациясы былтыр немесе оның алдында түскен студенттерге қатысты болуы мүмкін, – деді Ержан Әмірбекұлы.

Өзгелердің жаңалығы