«ESG – қаржы нарығын дамытудың жаңа парадигмасы» халықаралық конференциясы өтті

16 Қараша 2022, 14:43
1771
Бөлісу:
«ESG – қаржы нарығын дамытудың жаңа парадигмасы» халықаралық конференциясы өтті

2022 жылдың 16 қарашасында "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) Қазақстан қаржыгерлерінің X Конгресі шеңберінде "ESG – қаржы нарығын дамытудың жаңа парадигмасы" атты халықаралық конференциясын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Конференцияның бірлескен ұйымдастырушылары: Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) және БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (UNEP). 

Қазақстан мен жақын және алыс шет елдердің қаржы нарығының сарапшылары үшін пікірталас алаңына айналған конференцияда келесідей ESG қағидаттарын енгізу мәселелері талқыланды: тұрақты даму жобаларын қаржыландырудың жаһандық трендтері, реттеуді дамыту, корпоративтік ESG-стратегиялары және бизнесті трансформациялау, сондай-ақ ESG-ақпаратты ашу саласындағы озық тәжірибелер, жасыл қаржыландырудың қолжетімді құралдары, Орталық Азия мен Қазақстандағы ESG-жобалар және басқа да өзекті тақырыптар.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бүгінгі таңда ESG қағидаттарына сәйкестік компаниялардың тұрақты дамуында және олардың қорландыру көздерін әртараптандыру қабілетінде барған сайын маңызды рөл атқарады. ESG талаптары мен принциптеріне сәйкес келетін жобаларды инвесторлар көбірек қолдайды. Атап айтқанда, Climate Bonds Initiative деректері бойынша ағымдағы жылдың үшінші тоқсанының соңында шығарылған ESG қарызы мен өтпелі облигациялардың әлемдік көлемі 3,5 трлн АҚШ долларынан асты, – деді KASE Басқарма Төрайымы Алина Алдамберген.

«ESG – қаржы нарығын дамытудың жаңа парадигмасы» халықаралық конференциясы өтті

Оның сөзінше, Қазақстанда орнықты даму мақсаттарын іске асыру және ESG критерийлерін енгізу стратегиялық міндеттердің бірі. Биржа 8 жылдан астам уақыт бойы БҰҰ-ның "Тұрақты биржалар" бастамасына қосылған бүкіл әлем бойынша бірнеше ондаған биржалардың бірі бола отырып, қазақстандық биржалық нарықта ESG күн тәртібін дәйекті түрде ілгерілетіп келеді. "Бүгінгі іс-шараны біз бизнес, қаржы ұйымдары мен сарапшылар арасындағы диалог алаңы ретінде ұйымдастырдық. Бұл біздің еліміздегі тұрақты жобаларды дамытуда бизнес-идеялар мен қаржы ресурстарының синергиясына қол жеткізу үшін платформа болады деп үміттенеміз" , - деді ол.

Іс-шара бағдарламасына пленарлық отырыс, панельдік пікірталастар және практикалық воркшоптар кірді, онда 40-тан астам танымал спикерлер ESG мәселелері бойыншасараптамалық пікірлерімен бөлісті. Конференцияға мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдардың басшылары, корпоративтік сектордың, даму институттарының өкілдері және халықаралық сарапшылар қатысты. 

Конференцияда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова, Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы Кеңесі Төрағасының Бірінші орынбасары Ирина Кушнарева және атқарушы директордың орынбасары және тұрақты қаржыландыру жөніндегі басшысы, ICMA – Николас Пфафф құттықтау сөз сөйледі.

Өзгелердің жаңалығы