Ертіс өзені шыбын-шіркейге қарсы үш қайтара өңделеді

25 Шілде 2023, 17:50
1049
Бөлісу:
Ертіс өзені шыбын-шіркейге қарсы үш қайтара өңделеді
Фото: Валерий Бугаев

Павлодар облыс әкімдігінде шыбын-шіркейлерге қарсы 3 жылдық күрестің қорытындылары қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ алдағы үш жылдық кезеңге арналған жұмыс алгоритмі талқыланды

Облыс аумағында биылғы дезинсекциялық іс-шаралар науқаны толығымен аяқталды. 2023 жылы әуеден өңдеу тиімділігі 94,5%, өзен - 84,3%, тосқауыл - 92% құрады.

Биылғы жылдың жаңалығы - жайылманың бүкіл аумағында ғылыми сүйемелдеу бойынша жұмыстарды кешенді үйлестіру болды. 2023 жылы облыс орталығының 27,0 мың га жайылма аумағынан басқа Ақсу қаласының 11,0 мың га аумағы және Ақтоғай мен Тереңкөл аудандарының 33,5 мың га аумағы қосымша әуеден өңделді. Күнделікті фенология және әлеуметтік желілердің мониторингі өткен жылдармен салыстырғанда жағдайдың жақсы екенін көрсетеді, - деп атап өтті жер қойнауын пайдалану басқармасының басшысы Әйгерім Қабылтаева.

Талқылау барысында ғылыми топтың ұсыныстары мен ғалымдардың пікірлері тыңдалды. Үш жылдық келісімшарттың оң тәжірибесін ескере отырып, алдағы уақытта да осы үш жылдықты ұстану ұсынылды. Бұдан басқа, мамандар әуеден өңдеу көлемін 71,5 мыңнан 147 мың гектарға дейін екі есе ұлғайтуды және Ертіс өзенін үш қайтара өңдеу қажет деп санайды.

Асайын Байханов екібастұздықтардың шағымдарын еске салып, проблемалы учаскелерде дезинсекция жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ өңір басшысы Ертіс және Павлодар аудандарының аумақтарын ескеруді және алдағы профилактикалық іс-шараларда өңдеу көлемін ұлғайтуды тапсырды.

Тұрғындардың оң баға беруі - облыс әкімдігінің, басқарманың, мердігерлік ұйымның және ғылыми топтың үйлесімді әрі жалпы жұмысының негізгі көрсеткіші, - деді облыс әкімі.

1 қазанға дейін жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасына экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірлесіп 2024-2026 жылдарға арналған дезинсекция бойынша бюджетті қарау тапсырылды.

Өзгелердің жаңалығы